КҚИ МАҚЖ – жүргізушілердің жауапкершілігін міндетті сақтандыру және біздің клиентіміздің кінәсінен болған ЖКО салдарынан жәбірленген үшінші тұлғалардың материалдық залалын өтеу үшін жасалатын төлемге кепілдік береді. Автомобильді КҚИ МАҚЖ полисінсіз басқаруға рұқсат етілмейді және ол болмаған кезде, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төленеді. КҚИ МАҚЖ ресімдеу сақтандырудың аталған түрі бойынша лицензиясы бар сенімді сақтандыру компаниясында жүзеге асырылуы тиіс. Шартыңыз қолданыста болуы және мемлекеттік базаларда тіркелуі тиіс, өйткені ЖКО жағдайында сақтандыру компаниясы жәбірленуші тұлғаларға залалды өтейді.