Компания туралы

«Халық» сақтандыру компаниясы Халық банкінің еншілес компаниясы болып табылады және сақтандыру қызметтерінің толық спектрін көрсетеді.

Біз сақтандыру нарығында 25 жылдан артық қызмет етіп келеміз.

ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес Қазақстандағы сақтандыру төлемдерінің жартысына жуығы Halyk сақтандыру компаниясы арқылы жасалады.

Компания туралы

Миссия және құндылықтар

Сақтандыру саласында жоғары сапалы қызметтерді ұсына отырып, өз клиенттеріне, қызметкерлеріне және қоғамға пайда әкелу.

Сенімділік
Көшбасшылық
Кәсібилік

Біз клиенттерімізге сақтандыру саласында жоғары сапалы қызметтерді ұсына отырып, жайлы және қауіпсіз жағдайларда өмір сүру және жұмыс істеу құқығын жүзеге асыруға көмектесеміз.

Біздің қағидаттар:

• Клиентке бағытталушылық. Клиент - сөзсіз құрметтеуді талап ететін біздің әл-ауқатымыз бен дамуымыздың басты көзі.

• Қазіргі заман - өз қызметінде заманауи технологиялар мен басқару әдістерін қолдана отырып, әрқашан уақытпен бірге қадам басу және бір қадам алға жылжу.

• Сервис - біздің қызметтеріміздің сапасы тұтынушылардың талаптарына сәйкес келуі және олардың үміттерінен асып түсуі тиіс.

Біздің 2021 жылғы негізгі көрсеткіштеріміз:

103 220 415 000 ₸
сақтандыру сыйақылары

ҚКИ АҚЖМС бойынша 752 218 клиент
бізге сенді

23 388 683 000 ₸
сақтандыру төлемдері

Халықаралық рейтинг

2022 жылғы 19 қаңтарда A.M.Best халықаралық рейтинг агенттігі Компанияның қаржылық тұрақтылық рейтингін «B++» деңгейінде және ұзақ мерзімді кредит рейтингін «bbb» деңгейінде растады.

Сертификат

Лицензия

«Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ (БСН 981040001082) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 13.01.2023 жылы берген, «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығын беретін №2.1.21 лицензиясына ие.

Сұрақтарыңыз бар ма? Өтінім қалдырыңыз

Сізге жақын арада жауап береміз!