Тасымалдаушыға
Міндетті сақтандыруға жолаушыларды және олардың мүлкін теміржол, теңіз, ішкі су жолы, әуе жолы, автомобиль және қалалық электр көлігі арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы – Қазақстан Республикасы резиденттерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жатады.
Сақтандыру Қазақстан Республикасының "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады және сақтандыруды жүргізудің құқықтық, қаржылай және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді, сондай-ақ тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу, қолдау және орындау кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.
Сақтандыру объектісі - тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген міндетімен байланысты мүліктік мүддесі.
Сақтандыру мерзімі - 12 ай.