Еуропротокол
Еуропротокол - жол полициясын шақырмай ЖКО ресімдеудің және сақтандыру компаниясынан өтемақы алудың жылдам тәсілі. ЖКО туралы хабарлама сақтандыру компаниясына автоматты түрде түседі.
Толығырақ
- 15 минутқа дейін рәсімдеу
- Жол полициясын шақырмай
- Сақтандыру компаниясына бармай
- 6 күнге дейінгі төлемдер
Еуропротокол қосымшасына бейне нұсқаулық
Еуропротоколдың міндетті шарттары
- ЖКО қатысушыларының мобильді нөмірлері мобильді азаматтар базасында тіркелген;
- 2024 жылға зардап шеккен тарапты жөндеу сомасы 369 мың теңгеден аспайды (100 АЕК-тен жоғары емес);
- Азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілмеген;
- ЖКО нәтижесінде тек көлік құралдары ғана бүлінген (басқа мүлікке зиян келтірместен);
- Апатқа қатысушылардың екеуінде де қолданыстағы міндетті автосақтандыру полистері бар;
- Жүргізушілер арасында жол апатының зақымдану тізбесі мен жағдайларына қатысты келіспеушіліктер жоқ.
Егер сақтандыру полисі ЖКО қатысушыларының кем дегенде біреуінде болмаса, онда ЖКО ресімдеу үшін жол полициясы қызметкерлерін шақыру ұсынылады
Қадамдық нұсқаулық
"Еуропротокол" қосымшасын апаттың екі қатысушысы мобильдік қосымшасын жүктеп алуы қажет.
"Еуропротокол" мобильдік қосымшасында тіркелмес бұрын ЖКО қатысушыларының мобильдік нөмірлері мобильдік азаматтар базасында (МАБ) тіркелгеніне көз жеткізу міндетті.
Мобильді азаматтар базасында қалай тіркелуге болады?
1-тәсілі. Портал арқылы мобильді азаматтар базасында тіркеу eGov.kz
2 -тәсілі. EGov mobile мобильді қосымшасы арқылы МАБ-да жаңа пайдаланушыларды тіркеу.
Толығырақ