КҚИ МАҚЖ Полисін рәсімдеу
Иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады:
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелерінде тіркелген (мемлекеттік тіркеуге жататын) жеңіл, жүк автомобильдерін, автобустарды, шағын автобустарды және олардың базасында салынған көлік құралдарын, мотокөліктер мен олардың тіркемелерін, сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустарды; Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген (әкелінген).
Ішкі істер органдарының бөлімшелерінде тіркелген немесе Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген көліктің барлық түрлері, сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктері міндетті сақтандыруға жатады.
Сақтандыру Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 01 шілдедегі «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» №446 –II ЗРК Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Сақтандыру объектісі – Сақтанушының (Сақтандырылушының) жоғары қауiптілік көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi.
Заңды тұлғаларды сақтандыру шарты пайдаланылатын көлік құралының әрбір бірлігіне электронды сақтандыру шарты нысанында жасалады. Өтінішті Сақтанушы Сақтандырушыда белгіленген нысан бойынша, көлік құралдарының тізбесін көрсетіп және техпаспорттардың көшірмелерін бірге тіркеп, ресімдейді.
Сақтандыру мерзімі - 12 ай (көлікті маусымдық пайдалануды және оның Қазақстан аумағына уақытша кіруін қоспағанда). Шарт бірінші сақтандыру жағдайына дейін әрекет етеді.