Қауіпті объектілер үшін
Қауіпті объектілер иелері қауіпті өндірістік факторлармен үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірген зиянды өтеу кезіндегі олардың мүліктік мүдделері сақтандырылады.
Сақтандыру Қазақстан Республикасының "Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады және сақтандыруды жүргізудің құқықтық, қаржылай және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді, сондай-ақ қызметі үшінші тұлғалардың өміріне зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу, қолдау және орындау кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.
Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі - қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірген зиянды өтеу жөніндегі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген міндетіне байланысты мүліктік мүдделері.
Сақтандыру мерзімі - 12 ай.