Аудиторға
Міндетті сақтандыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жатады.
Сақтандыру Қазақстан Республикасының "Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады және сақтандыруды жүргізудің құқықтық, қаржылай және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді, сондай-ақ аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу, қолдау және орындау кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.
Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі - аудит жүргізу кезінде аудиттелетін субъектілерге келтірілген мүліктік зиянды өтеу жөніндегі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген міндетімен байланысты аудиторлық ұйымдардың мүліктік мүддесі.
Сақтандыру мерзімі - 12 ай.