Тіркелу Кіру

Өтінімді кез келген ыңғайлы тәсілмен қалдырыңыз:
797 немесе WhatsApp +7 (777) 008 50 70 ,
[email protected]

Сақтанушы




12 айға сақтандыру сыйлықақысы
теңге
теңге

 

Жеке тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін

 

Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің міндетті полисі – барлық әуесқой автомобильші ресімдеуге міндетті сақтандыру, мұндай талап Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық –құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 01 шілдедегі №446 –II ЗРК Заңында белгіленген.

 

НЕНДЕЙ ЖАҢАЛЫҚ БАР?

2019 жылғы 01 қаңтардан бастап КҚИ АҚЖМС полисі электронды нысанда ресімделеді. Енді жүргізуші өзімен бірге полистің қағаздағы  нұсқасын алып жүруге міндетті емес, ал жол полициясының қызметкерлері оны тексеру үшін талап етуге құқылы емес.

 

МАҢЫЗДЫ! ҚКИ АҚЖМС бөтеннің мүлкін (автомобиль, үй, дүкен, аялдама кешені және т.б.) қалпына келтіруге кететін қаржылық шығыстардан құтылуға көмектеседі. Полис егер Сіз ЖКО-ға кінәлі болсаңыз, зардап шеккен тарапқа төлем төленуіне кепілдік береді.

 

АВТО МАҚЖ сақтандыру құны неге тәуелді:

  • Сақтандыру аумағына;
  • Автомобильді пайдалану мерзіміне;
  • Жүргізу өтіліне;
  • Сіздің жасыңызға және апатқа ұшырау тарихына.

 

«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңда белгіленетін, сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеудің бірегей әдісі бар.

 

Яғни, нақты бір автомобиль үшін міндетті сақтандыру құны барлық сақтандыру компанияларында бірдей болады.

Полистің қолданылу мерзімі – 1 жыл (маусымдық пайдалану немесе уақытша шығуды қоспағанда).

 

Сақтандыру жағдайы кезінде сақтандыру компаниясы жәбірленуші тарапқа қанша төлейді?

  • Бір автомобильге келтірілген зяин үшін  - 600 АЕК*-ке дейін;
  • Әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін – 2 000 АЕК-ке дейін.

 

*1 АЕК = 01.01.2019 жылға 2 525 теңге

 

Сақтандыру Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық –құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 01 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыруға ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде тіркелген немесе Қазақстан Республикасына уақытша кірген барлық көлік түрлері, сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жатады.

Сақтандыру объектісі – Сақтанушының (Сақтандырылушының) көлік құралын қатерлі қауіп көзі ретінде пайдалану салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүддесі.

Заңды тұлғаларды сақтандыру шарты пайданылатын көлік құралының әрбір бірлігіне электронды сақтандыру полисі нысанында жасалады. Сақтанушы өтінішті Сақтандырушы белгілеген нысан бойынша көлік құралдарының тізбесін көрсетіп және техпаспорттың көшірмелерін бірге тіркеп, рәсімдейді.

Сақтандыру мерзімі – 12 ай (көлікті маусымдық пайдалану немесе Қазақстанға уақытша кіруді қоспағанда). Шарт бірінші сақтандыру жағдайына дейін әрекет етеді.

Сақтандыру құны (сақтандыру сыйлықақысы) заңды тұлғалар үшін 1,9 АЕК мөлшерінде белгіленген базалық сыйлықақы негізінде есептеледі, оған көлік құралдарының түріне, оны пайдалану мерзіміне және тіркеу орнына қарай заңды тұлғалар үшін Заңда белгіленген коэффициенттер қолданылады. Сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін калькуляторды пайдалануыңызға болады.

 

 

 

Сақтандыру төлемі:

Бір сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) мынаны құрайды (айлық есептік көрсеткішпен):

  1. әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген, мыналарға әкеп соқтырған зиян үшін:

опат болуы - 2000;

мүгедектік белгіленуі:

I топ - 1600,

II топ - 1200,

III топ - 500;

«мүгедек бала» - 1000;

мертігу, жарақаттану немесе мүгедектік қойылмай, денсаулықтың басқа да зақымдалуы – амбулаторияда және (немесе) стационарда емделудің нақты шығындары, бірақ 300-ден артық емес;

  1. бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін — келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден артық емес;
  2. бір мезгілде екі немесе одан көп жәбірленушілерге келтірілген зиян үшін — келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден артық емес. Бұл ретте барлық жәбірленушілерге жалпы сақтандыру төлемдерінің мөлшері 2 000-нан артық болмайды. Зиянның мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен артқан кезде, әрбір жәбірленушіге сақтандыру төлемі оның мүлкіне келтірілген зиянның деңгейіне мөлшерлес жүзеге асырылады.

 

Правила ОС ГПО авто